Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жазушының көркемдік ізденістері»
03.03.2020

Абонементтер бөлімінде жазушы, журналист, аудармашы Болат Бодаубаевтың 80 жылдығына арналған «Жазушының көркемдік ізденістері» көрмесі ұйымдастырылды.

Б. Бодаубаевты көпшілік оқырман жақсы біледі. Ол «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жұмыс істеді және «Жалын» баспасында директор болды. Өнер адамдары жайындағы очерктер сериясы үшін Қазақстан Журналистер одағының бірінші сыйлығымен және дипломмен марапатталған. 2007 ж. оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Көрмеге оның «Прокурордың ажалы», «Тайна старой тетради», «Дети одного дома»,«Жас жүректер» және т. б. әңгімелер мен повестер жинақтары қойылған. Б. Бодаубаев өз кітаптарында халқымыздың тарихында орын алған күрделі кезеңдерді жиі еске алып отырады. Көрменің көрнекті жеріне Е. Рахмадиев пен М. Жолдасбековқа арналған, сұхбат түрінде жазылған «Тұлға» және «Таңғаламын өмірдің ғажабына» романдары қойылған.

Көрме көпшілік оқырманға арналған. Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus