Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сұлу және сүйкімді, ерке және қылықты жандар»
27.02.2020

Абонементтер бөлімінде Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған көрме жұмыс істеп тұр. Бұл мереке ресми мәртебесіне БҰҰ 1975 жылғы шешімімен ие болды және алғашқыда әйелдердің өздерінің жер жүзіндегі құқықтары үшін күресіне арналған болатын. Қазіргі кездегі әйелдер күнін мерекелеу теңдікті бекіту мақсатынан айырылған, енді ол көктемнің күні, әйелдің әдемілігінің, нәзіктігінің күні және мәртебесі мен жасына қарамастан әйелдерге көңіл бөлу, құрмет көрсету күні болып саналады.

Көрмеге әйгілі әйелдер туралы баяндайтын, олардың ақылы мен сұлулығын мадақтайтын басылымдар қойылған. Мысалы, Камал Әлпейісованың кітабы ғалым, доктор, профессор, сенатор, акушерлік пен гинекологияның дамуына, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығын сақтауға зор үлес қосқан Нина Қайыпованың өмірі жайында әңгімелейді. Көрмеге ақындар Фариза Оңғарсынованың, Ақұштап Бақтыгерееваның және басқа да қазақ ақындарының жинақтары қойылған.  Ольга Чайковскаяның «Екатерина Великая» кітабын өзі туралы еш бүкпесіз «Мен таққа отырғаннан кейін жақсылық жасауға ұмтылдым» дей алған және атақты еркектермен қатар Ұлы билеуші атағына лайық болған патшаханымның үздік өмірбаяны деуге болады. «Жизнь, рассказанная ею самой» сериясы бойынша шыққан кітаптарда Эдит Пиафтың, Любовь Орлованың, Мэрилин Монроның және т. б. авторлық өмірбаяндары берілген. Көрмені «Қазақстан  әйелдері», «Жұлдыздар отбасы» және т. б. мерзімді басылымдар толықтыра түскен.

Көрме 8 наурызға дейін жұмыс істейді, барлығыңызды көрмеге шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus