Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бір ел – бір кітап»
30.01.2020

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының шешімімен 2020 жылы жалпы халықтық оқу үшін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдары таңдап алынды.

 «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі жайындағы роман-эпопеясы. Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» – Әбу Насыр әл-Фарабидің ақиқатты іздеп елдерді аралауы туралы роман, онда басты кейіпкердің өмірдегі әділетсіздіктен жанының күйзелгені, мәңгілікке жоғалған қыпшақ даласын ойлап мұңға батқаны суреттеледі.   Романның басты қаһармандары – әлемдік деңгейдегі ұлылардың қатарына енген, өмірде болған тарихи тұлғалар. Таңдаудың аталған кітаптарға түсуіне 2020 жылы Қазақстанда Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу себеп болған.

Абонементтер бөлімінде акцияға қатысушы кітаптар қойылған көрме жұмыс істеп тұр. Барлығыңызды осы шығармалармен танысуға шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus