Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітап беттеріндегі бұрын болған оқиғалар»
08.01.2020

Әмбебап оқу залында ағылшын тілін білетін оқырмандар үшін ағылшын және америкалық жазушылардың классикалық көркем шығармалары қойылған «Кітап беттеріндегі бұрын болған оқиғалар» атты кітап көрмесі безендірілді.

Көрмеге қойылған кітаптардың ішінде Т. Драйзердің «Американская трагедия», Э. Хемингуэйдің «Прощай, оружие!», Г. Мелвиллдің «Моби Дик», Х. Лидің «Убить пересмешника» секілді классикалық әдебиеттің маржандары ерекше назар аударуға тұрарлық.

Әсіресе көрмедегі түрлі кезеңде өмір сүрген, ұлты, әлеуметтік жағдайы мен діні әртүрлі адамдардың бір-бірін құлай сүйгендері, олардың бақытты болғандары, мінездерінің өзгергендері, өмірлерінің тас-талқан болғандары туралы баяндайтын Митчеллдің «Унесенные ветром», Ш. Бронтенің «Джен Эйр», У. Коллинздің «Женщина в белом», Т. Гардидің «Тэсс из рода Д’Эрбервиллей» секілді махаббат жайындағы шығармалар ерекше қызықты болып табылады.

Аталған барлық әдебиет маржандары әлем әдебиетінде өздерінің айтарлықтай іздерін қалдырды және көптеген әдебиетшілердің шығармашылығына әсер етті.

Көрмеге әрбір білімді адамның өзінің ой-өрісін кеңейтуі үшін оқып шығуына тұратын ағылшын және америкалық классикалық көркем шығармалардың ұсынымдық тізімі қойылған.

Барлығыңызды бірінші жарты жыл бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus