Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» кітап көрмесі
06.01.2020

Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына арналған «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» кітап көрмесі дайындалды.

Көрме «Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы», «Конституция – құқық кепілі», «Президент. Парламент. Үкімет», «Жетістіктер жолындағы Қазақстан» секілді бөлімдерден тұрады.

Көрмеге қойылған материалдар еліміздің заң жүйесінің қалыптасуына тарихи шолу жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстанның заң жүйесінің негізін қалаған және бастауы болған алғашқы дала заңдарының рөлі туралы С. З. Зимановтың 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясынан білуге болады. Сондай-ақ көрмеге Қазақстан Республикасы Конституциясының жасалуы жайындағы қазақстандық ғалымдардың еңбектері, Қазақстандағы конституциялық құқықтың тарихы мен дамуы бойынша анықтамалық басылымдар, конституциялық заңдар, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың еңбектері, оның қолданыстағы Конституцияны дайындаудағы және қабылдаудағы рөлі туралы әдебиеттер қойылған. О. Қопабаевтың «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы», С. Сартаевтың «Становление Конституции Республики Казахстан» секілді және қазақ және орыс тіліндегі т. б. әдебиеттер оқырмандар назарын аударары сөзсіз. Конституцияны сақтау – біздің әрқайсымыздың отаншылдық парызымыз.

Көрме жыл бойы жұмыс істейтін және үнемі жаңартылып отырылатын болады.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз!

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus