Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өнердің ұрпақтар арасындағы рөлі»
12.12.2019

11 желтоқсанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы облыстық «Өнердің ұрпақтар арасындағы рөлі» әдеби байқауының қорытындысын шығару үшін салтанатты шара өткізді.

Бұл байқау осымен бірнеше рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты ұрпақтардың әдебиеттегі үздік дәстүрлері мен сабақтастығын сақтау, ұлттық мәдениетті дамыту, авторлардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, оларды оқырманмен таныстыру, өскелең ұрпақтың тілдің құдіретін сезінуін, отанға деген сүйіспеншілігі мен отаншылдығын тәрбиелеу болып табылады.

Байқауға қатысушылардың үздік жұмыстары «Әдеби Қостанай» альманахына енгізіледі.

Марапаттау салтанатына қазылар алқасының мүшелері А. С. Денисов, А. И. Суслова және А. С. Удовицкий, танымал жазушылар мен ақындар, шығармашылық қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Әдеби байқаудың жеңімпазы болғандар: Надежда Немцева (1 орын), Марат Қапашев (2 орын), Бағылан Аңқауов (3 орын). Гран-при қазылар алқасының бірауызды шешімімен Рудный қ. келген жас ақын Дәулет Жақсымағамбетұлы Жадырасынға берілді.

Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушылар алғыс хаттарға ие болды.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Д. Т. Дюсибаева өз сөзінде жүлдеге лайықты жұмыстардың көп болғанын және үздіктен үздікті таңдап алудың оңай еместігін атап өтті. Ол қазылар алқасына адал және білікті жұмыстары үшін алғысын білдіріп, оларға алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ алғыс хат шараға қатысып отырған, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы үздік оқырман болып танылған Шынар Исламбекқызы Төлегеноваға да табысталды.

Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға тағы да ризашылықтарын білдіріп, оларды келесі жылы өтетін жаңа байқауда өз күштерін байқап көруге шақырды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus