Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Журналистпен сұхбат
11.12.2019

2019 жылдың 10 желтоқсан күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының ұйымдастырумен «Журналистпен сұхбат» жобасы шеңберінде «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, ақын Нұрқанат Жүнісұлы Құлабаевпен кездесу болып өтті.

Алдымен ақынның өмірбаянына арналған мазмұнды бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды. Сұхбатта журналистің журналистік жолы, қазіргі кездегі газет беттерінде ұсақ-түйек хабарлардың көбейіп кетуі, сын материалдардың азайғандығы, жергілікті жас журналистердің қабілет-қарымы, Қостанай таңы газетіндегі алдағы жобалары, ақынның шығармашылығы  т. б. сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіді. Кеш барысында ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылды.

Кеш соңында сөз алған Жандос Жүсіпбеков әріптесінің қарапайымдылығын, азаматтылығын, ақыл-парасаттылығы жөнінде тұшымды өз ойын білдірді.

Алдағы уақытта «Журналистпен сұхбат» жобасы облысымыздың белді журналистика саласының майталмандарымен кездесулер жиі ұйымдастырылатынын алға тартамыз.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus