Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ё» әрпінің туған күніне арналған отырыс
29.11.2019

28 қарашада кітапхананың қонақжайында өткен «әуесқой әдебиетшілердің» әдеби-музыкалық отырысы орыс әліпбиінің жетінші әрпі – «Ё» әрпінің туған күніне арналды. Ресми түрде ол сол кездегі Ресей ғылым академиясының президенті княгиня Екатерина Дашкованың ұсынысы бойынша 1784 жылдың 18 қарашасында пайда болды. Ал «Ё» әрпімен жазылған алғашқы сөз «всё» болды.

«Ё» әрпінің туған күнін атап өту үшін қонақжайға түрлі жастағы, кәсібі де, әуестігі де алуан түрлі адамдар жиналды. Бұл шараға ақындар, музыканттар, педагогтар, студенттер мен әдебиетті, музыканы, пікір алысуды ұнататын қарапайым шығармашыл жандар қатысты.

Ұйымдастырушылар қонақтарға «Сөздер әміршісі» зияткерлік ойынына қатысуды, «Ё» әрпі туралы шығарма жазуды және оның суретін салуды, «қара жәшікке» жасырылған сыйлықты табуды және Дмитрий Говорков пен «Территория Ра» тобының музыкалық нөмірлерін тыңдауды ұсынды.

Туған күн керемет тойланды деуге әбден болады! Оған қатысқандардың барлығы 27 желтоқсанға жоспарланған және міндетті түрде жаңа жылдық ертеңгіліктерге арналатын «әуесқой әдебиетшілердің» келесі отырысын асыға күтуде.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus