Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Нұрсұлтан Назарбаев жетістігінің сыры»
28.11.2019

27 қарашада Абонементтер бөлімі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған портрет-кешін өткізді.

Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде құрылуы мен дамуында жаңа дәуірдің басталғанын білдіретін мереке. Бұл күн гүлдену мен өркендеу жолындағы Ұлт көшбасшысының халықпен бірлігін білдіреді. 

Шараға «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлы мен кітапхананың тұрақты оқырманы, көптеген шаралардың қатысушысы ақын Суслова Александра Ильинична қатысты. Қонақтар жиналғандарға Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесулері туралы айтып беріп, оның егемен Қазақстанның аяғынан тұруына қосқан рөлі туралы пікірін білдірді. Қонақтар назарына Ұлт көшбасшысы жайындағы деректі фильм ұсынылды.

Барлық тілек білдіргендер Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері, сондай-ақ онымен бірге көп жыл еңбек еткен замандастары жазған кітаптар қойылған кітап көрмесімен танысты.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus