Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«ЖҚТБ деген бір сұм бар»
27.11.2019

2019 жылдың 27 қарашасынан бастап Әмбебап оқу залында 1 желтоқсанда аталып өтілетін Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күніне арналған «ЖҚТБ деген бір сұм бар» атты безендірмелі кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

Көрменің мақсаты – оқырмандарға елге келген індет деңгейіне өткен АҚТҚ/ЖҚТБ жайында көбірек ақпарат тарату, ақпараттық ескерту және осы бір адамзаттың қатерлі жауының алдын алуға және одан емдеуге көмек көрсету.

Көрмедегі медицина ғылымдарының докторы, иммунолог және эпидемиолог А. С. Шевелевтің мәселенің қазіргі кездегі жалпы жағдайы жайында әңгімелейтін, ЖҚТБ жұқтыру жолдары, аурудың белгілері, онымен күресудің жолдары туралы баяндайтын «СПИД – загадка века» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық.

АҚТҚ мен ЖҚТБ-ның әлемдегі, Орталық Азия мен Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі жағдайын ескере отырып ЮНЕСКО-ның техникалық және қаржылық қолдау көрсетуімен қайта өңделіп, оқытушылар үшін қайта шығарылған «Профилактика ВИЧ в школьных условиях» құралы да балалармен жұмыс істеуге қажетті құнды материал болып табылады.

Көрме ағымдағы жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus