Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жақсы жанның әдемі әлемі»
20.11.2019

«Адамның жоғары тағдыры – өзінің қабілетін қолдануға мүмкіндік беретін қандай да бір істі жүзеге асыру үшін дүниеге келу...» деген сөз Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК өткен «Жақсы жанның әдемі әлемі» құрмет кешінің кейіпкеріне арналып айтылғандай. Ол – ҚР белгілі мемлекет қайраткері, Қостанай облысының әкімі (1995-1998), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты Тоқтарбай Қадамбайұлы Қадамбаев.

Толып жатқан атақтарына қарамастан біздің кейіпкеріміз шынында да өте қарапайым және тамаша адам. Оның еңбегін – халыққа көрсеткен қызметін ешқандай өлшеммен өлшеуге болмайды, себебі мұндай адамдар өзін өзгелерге бүтіндей беру қабілетіне ие. Қазіргі кезде қоғамның мұндай адамдармен әңгімелесуге, олардан өмірді талдап үйренуге деген қажеттілігі және барлығына өз пікірінің болуы тиіс деген талабы артып келеді. Сол себепті қонаққа алуан түрлі сұрақтар қойылды.

Кітап көрмесі, бейнекөрсетілім кездесуге келген кейіпкеріміздің тұлғалық бейнесін тереңірек және қызықты етіп жеткізуге көмектесті. Жерлесіміздің жетістігі мен табыстары мақтаныш етуге әбден тұрарлық.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus