Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Байтұрсынов оқулары
06.09.2019

2019 жылдың 5 қыркүйек күні Өлкетану әдебиеттері бөлімі ағартушы, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 147 жыл толуына орай «Байтұрсынов оқулары» атты әдеби-мәдени кеш өткізді.

Есімдері республикаға және қаламызға танымал ақын-жазушылар, ахметтанушылар сөз сөйлеп жазушы мұрасын насихаттады. Жоспарға сәйкес Ахмет Байтұрсынұлының кейбір қырлары, ақындығы, шығармашылығы, репрессия жылдары толық ашылып, ақын шығармашылығынан үзінділер оқылды. Кеш барысында І. Омаров ат. қазақ драма театрының актёрі Қабдол Мәжіт Иманов «Міржақып» атты спектакілінен монолог тарту етті. Кітапхана қызметкерлері автор жайлы бірегей басылымдар ұсынған кітап көрмесін қонақтар назарына ұсынды.

Кеш соңында ахметтанушы Ибраhим Ағытайұлы «Ахмет ескерткішіне» гүл-шоқ қою рәсімін өткізді. «Байтұрсынов оқулары» алдағы жылдары дәстүрлі түрде өз жалғасын табады деген үміттеміз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus