Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қайырымдылық музыкалық-поэтикалық іс-шара
29.07.2019

26 шілдеде Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының ұйымдастыруымен «Жизнь на ладони» жобасын қолдау бойынша екінші қайырымдылық іс-шарасы өтті. Өткен іс-шара Асылжан Ибраев үшін әдемі ақтық аккордқа айналды: концерттен кейін екі күн өткен соң Қостанай меценаттар клубы оның оқиғасына демеу болып қажетті ақша жинақтады. Осы жолы да іс-шара қорытынды нотаға айналды: Қостанай қ. музыканттары мен ақындары Аня Савицкая үшін қаражат жинауды жапты. Аняға дәрі-дәрмекке 1 млн. теңге жинау қажет болған, барлығы 25 мың теңге жинау қалған, бірақ біздің қаланың шығармашылық адамдары жоспарды артығымен орындады: 36 300 теңге жинады. Шілде айының жылы кешіне қостанайлықтар үшін жақсы таныс музыканттар мен ақындар (Самат Ибраев, «Территория Ра» тобы, Дмитрий Корой, «63» шығармашылық ұжымы, Дмитрий Говорков), сондай-ақ жаңа орындаушылар (Сергей Тырин, Алексей Сухарев) өнер көрсетті. Нұр-Сұлтан қ. келген қонақ та көрермендерді қуантты: музыкант Павел Чилига Қостанай достарына ортақ игі іске көмектесу үшін біздің қалаға екінші рет келді. Қостанай қаласының белгілі суретшісі Александр Рерих те үлкен көмек көрсетті, ол қайырымдылық қорабына қайырымдылықпен келген кез келген сомаға барлық тілек білдірушілердің портреттерін салды. Қайырымдылық концерттерінің сериясын аяқтайтын келесі іс-шара 23 тамызда өтеді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus