Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Құрманғазы және дала сазы» кітап көрмесі
18.06.2019

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестріне арналған «Құрманғазы және дала сазы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әлем таныған ұлттық музыкалық өнер ордасына биыл 85 жыл толып отыр. Бұл – Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихындағы алғашқы және қайталанбас оркестр. Ол бүкіл әлемге қазақтың музыкалық мәденитін, еш жұрттың әуеніне ұқсамайтын дала сазының сұлулығын, қазақтың тамаша музыкалық аспаптарын таныстырды.

Оркестрде әр жылдары қазақ өнерінің ұлы музыканттары – есімдері оркестрдің жылнамасына алтын әріптермен жазылған орындаушылар мен дирижерлер жұмыс істеді.

Қазіргі кезде атақты оркестрдің ұжымында 80 жуық талантты музыканттар еңбек етеді, ал оркестрге дарынды жас дирижер Абылай Тлепберген жетекшілік етеді. Оркестрдің репертуар қорында 4000 астам шығарма бар.

Кітап көрмесіне кітапхана қорынан алынған ұлы композитор Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, кітаптар мен мерзімді баспасөзден алынған оркестр жайындағы ақпарат қойылған. Сондай-ақ көрмеден ноталық басылымдармен танысуға және күйтабақтарды тыңдап көруге болады.

Барлығыңызды көрмемізді көруге шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus