Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жеңіс өз бетімен келген жоқ – жеңісті жеңімпаздар әкелді»
04.05.2019

4 мамырда кітапхананың жиналыс залында ұлы мереке – Жеңіс күніне арналған әдеби-сазды кеш болып өтті. Кештің қонақтары, Қостанай қ. ардагерлер кеңесінің мүшелері өз сөздерінде үлкен және сұрапыл соғыстың өздері куәсі болып, бастарынан өткізген қатал сынақтары туралы айтып берді. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары О. Г. Эммануилиди барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Рябинушка» вокалдық тобының күшімен «Опалённые войной», «Поклон тебе, наш ветеран», «Калина красная» музыкалық композициялары орындалды. Кеш өткен жылдардағы әндердің караоке-концертімен аяқталып, барлық шараға қатысушылар сол кездің «День Победы», «Журавли», «Катюша», «Смуглянка» сияқты әндерін естеріне түсіруге мүмкіндік алды.

Шара Ұлы Отан соғысына арналған кітаптар, музыкалық жинақтар мен граммофон күйтабақтары қойылған «Подвиг великий и вечный» безендірмелі кітап көрмесімен сүйемелденді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus