Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұрпағының ертеңіне алаңдаған тұлға
08.01.2019

Денсаулық сақтау саласының негізін қалаушылардың бірі, қоғамдық-саяси қайраткер, көсемсөзші Асылбек Сейітовтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Әмбебап оқу залы «Ұрпағының ертеңіне алаңдаған тұлға» атты тақырыптық сөре безендірді.  

Асылбек Сейітов қазақтар үшін сирек кездесетін үш деңгейлі білім алды: алдымен шіркеу мектебін аяқтады, одан кейін Омбы классикалық ерлер гимназиясы мен Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірді. Бірнеше шетел тілін меңгерді. «Алаш» партиясының жұмысына белсенді араласты, мерзімді басылымдарда жиі жарияланып тұрды, бірнеше рет күрделі эпидемиологиялық жағдайда жұмыс істеді. Сейітовтың бастамасымен және оның тікелей қатысуымен «Ауыл» және «Березовка» шипажайлары салынды.

Тақырыптық сөреге Асылбек Сейітовтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған жарияланымдар қойылған. Қаңтар айы бойы жұмыс істейтін тақырыптық сөремен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus