Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапхана – мәдениеттерді жалғастырар көпір
12.11.2018

2018 жылдың 9 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «ТМД кітапханалары – электрондық ынтымақтастық» халықаралық онлайн-жиынына қатысты. Шараны С. Мұқанов ат. Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының ХV өңіраралық жиынының аясында ұйымдастырды.

Онлайн-жиынның жұмысына Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтарының: Қостанай, Қорған, Павлодар және Омбы облыстық кітапханалары қатысты. Кітапханалардың электрондық нысандағы ынтымақтастық мәселелері, «Цифрлық Қазақстан» республикалық бағдарламасын орындау барысындағы нақты қадамдар талқыланды. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Дариға Дүйсебаева өз сөзінде кітапханамызда жасалып жатқан электрондық ресурстар мен оларды онлайн-кеңістікке орналастыру жайы туралы айтып берді.

2018 жылы құрылғанына 15 жыл толып отырған ресейлік-қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» жобасының жүзеге асырылуына көп көңіл бөлінді. Қазақстан мен Ресей кітапханашылары өткен кезеңде атқарылған жұмыстарға баға беріп, алдағы ынтымақтастықтың жоспарлары жайында ой бөлісті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus