Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жүз жылдық жыршылар
09.11.2018

2018 ж. 8 қарашасында Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК Е.Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің 10 жылдығына арналған шығармашылық кездесу болды.

Қазақ халық аспаптары оркестрі 2008 жылы құрылды. Оның құрамында Құрманғазы ат. мемлекеттік консерваторияның, ҚР Ұлттық музыка академиясының түлектері, қала мен облыстың үздік аспапшылары, Астанадан келген музыканттар еңбек етеді. Оркестр көптеген республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі салтанатты шаралардың «визиттік карточкасы» болып табылады. Оркестрдің жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметов, дирижері – халықаралық, республикалық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты Берік Оразалин.

Кездесу кезінде әртістер өздерінің әсерлерімен, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Кітапхана директоры Д. Т. Дүйсебаева қонақтарды айтулы күндерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Шара барысында оркестрдің орындауында Құрманғазының  «Адай» және «Сарыарқа»,  Сейдолла Бәйтерековтың «Кішкентай», Юбер Ив, Адриан Жироның «Под небом Парижа» секілдіқазақ және еуропалық композиторлардың секілді шығармалары шырқалды. Көрермендер музыканттардың шығармашылығын жылы және қуана қарсы алды.

Шара музыка ұжымының шығармашылығы туралы жарияланымдар қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus