Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлттық валюта – теңгенің енгізілгеніне 25 жыл» жаңа электронды папкасы
15.10.2018

   15 қарашада теңге өзінің туған күнін атап өтеді. Қолданысқа енгізілгеннен бергі кезеңде қазақстандық валюта толыққанды ұлттық ақша бірлігі ретінде қалыптасып үлгерді, ақшаның негізгі міндеттерін: бағаның көлемін, төлем құралы, жинақтау және айналым міндеттерін жемісті орындады. Ұлттық валютаның өзінің таңбасы бар (〒).

Қазақстанның 1993 жылы өзінің ұлттық валютасының пайда болуы үшін қыруар күш жұмсалды. Теңгенің енгізілуіне КСРО-ның тарап кеткеніне екі жылға жуық уақыт өтсе де бұрынғысынша кеңестік рубльдің аумағында отырған елдің өмірінде орын алған ауыр кезең себеп болды.

1992 жылдың көктемінде аса құпия жағдайда ұлттық валютаны енгізудің жолдарын қарастырумен және дайындаумен айналысқан мемлекеттік комиссия құрылды. Президент пен Үкіметтің батыл шешімінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге сәтті енгізілді.

Кітапхана оқырмандарын Қазақстанның ақша бірлігінің жасалуы мен қалыптасу тарихын көрсететін тақырыптық материалдармен танысуға шақырамыз. Электронды папка Әмбебп оқу залындағы компьютерлердің жұмыс үстелінде орналастырылған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus