Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Лев Толстойдың туғанына 190 жыл
10.09.2018

2018 жылдың 9 қыркүйегінде бүкіл әдебиет әлемі әлемнің әйгілі жазушыларының бірі Лев Толстойдың 190 жылдығын атап өтті.

Қостанай ОӘҒК көп жылдан бері әлемдік деңгейдегі ұлы жазушының есіміне лайықты жұмыс істеп келеді және аталған күнге орай бірқатар шаралар мен көрмелер ұйымдастырды.

Жыл бойы кітапханамызда Лев Толстойдың шығармашылығына арналған «Кез келген кезде талғамнан шығар туындылар» көрмесі жұмыс істеп тұр. Көрмеге кітапханамыздың сирек кітаптар қорынан алынған материалдар: Лев Толстойдың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында шыққан кітаптары, оның шетел тіліне аударылған шығармалары, Қостанай ОӘҒК Лев Толстой есімін беру туралы қаулының көшірмесі қойылған. Кітапханамызға жазушы есімінің берілуіне қазіргі кездегі Қостанай облысының аумағында өмір сүрген шаруалардың Лев Толстоймен хат алмасуы себеп болғандықтан осы хаттардың көшірмелері де көрмеге қойылған.  Сондай-ақ Әмбебап оқу залында «Әлем әдебиетінің эвересті – Лев Толстой» деп аталатын тағы бір көрме жұмыс істеп тұр.

Әлем әдебиеті классигінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы «Л.Толстой әлемі» бейнешолуы кітапхана сайтының «Виртуалды көрмелер» бөліміне орналастырылған.

21 қыркүйекте «Лев Толстой. Оқырманмен сұхбат» тақырыбымен микрофон алдындағы оқу өткізіліп, онда Лев Толстойдың түрлі тілдегі шығармалары оқылатын болады.

Кітапхананың қонақжайында 25 қыркүйек күні «Адамзаттың адамы» тақырыбымен жақын және алыс шетелддердің кітапханаларымен онлайн кездесу өткізіледі. Оған қатысу үшін Толстой кітапханасы (Мюнхен қ.), Л.Н.Толстой ат. орталық қалалық кіапхана (Тула қ.), Ижевск қаласындағы Л.Толстой ат. кітапхана-филиал жанынан жұмыс істейтін «Берегиня» орыс мәдениеті мен әдебиеті орталығы шақырылған.

Қостанай ОӘҒК барлық Лев Толстойдың шығармашылығын құрметтеушілерді аталған күнмен құттықтайды және оның өмірі мен шығармашылығына арналған көрмелер мен шараларды тамашалауға шақырады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus