Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Домбыра – қазақ халқының музыкалық мәдениетінің шыңы
25.06.2018

Қазақстанда ресми түрде жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні бекітілді, ол мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтілетін болады. Биыл ол айдың 1-ші күніне сәйкес келді.

Абонементтер бөлімінде әлемдегі ең керемет аспаптардың бірі және қазақ музыкалық мәдениетінің символы – домбыраға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кейбір деректер бойынша аспаптың 4000 жылдық тарихы бар және осыған орай ол отандық оқымыстылар 2017 жылы анықтаған бірегей мәдени құбылыстың тізіміне енген Қазақстанның жеті ұлттық қазынасының бірі болып табылады. 2010 жылы домбыра Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді.

Домбыра – үлкен бір әлем. Домбыраға деген өздерінің таңданысы мен құрметін ақындар мен жазушылар ерекше білдіріп отырған. Домбыраға деген махаббаты мен сүйіспеншілігін Абай, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және тағы басқа қалам шеберлері қалдырып кеткен.

Көрмедегі көрнекі орынға арасында «Қазіргі айтыс» айтыстар жинағы, Ниязин Шәмшінің «Домбыра» әңгімесі, Сейітман Серіктің «Домбыра» және Сейфуллин Сәкеннің «Домбыра» поэтикалық жинақтары, тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кездегі әдебиетінің үш томдық «Домбра и колыбель» антологиясының бірінші кітабы, «Поэзия жырау и акынов» жеке жинағы, Қазақстанның қазіргі кездегі ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі Кәкімбек Салықовтың жаңа «Под звуки домбры» жинағы бар көркем шығармалар қойылған. Көрмедегі «Қазақ өнерінің антологиясы» басылымы, «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі» энциклопедиясы, «Жыраулар» және «Қазақстанның жеті кереметі» оқулық басылымдары және т.б. көптеген құжаттар елеулі қызығушылық тудырады.

Кітап көрмесі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Көрмеге қойылған материалдармен үстіміздегі жылдың шілдесінің соңына дейін танысуға болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus