Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шам жарығымен оқылған жырлар»
07.06.2018

Қостанай – ақындардың, әдебиетшілердің қаласы, көркем сөзді сүйетін, түсінетін және құрметтейтін адамдардың қаласы. А. С. Пушкиннің шығармашылығын қостанайлықтар оның туған жері мен уақытының арасындағы алшақтыққа қарамастан қашанда өздеріне жақын тұтып, рухани серік етіп жүреді. Қостанайдың орталық көшелерінің біріне А. С. Пушкиннің аты берілген, ал А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында ақынның мұражайы жұмыс істейді. Александр Сергеевичтің шөбересі Григорий Григорьевич Пушкин біздің облысымызда екі рет болды. Ал 2010 ж. қалада А. С. Пушкинге қоладан ескерткіш қойылды.

Жыл сайынғы Пушкин күні шынайы поэзиямен қауышудың, рухани қуат алудың тамаша мүмкіндігі болып табылады. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында өткен дәстүрлі әдеби-сазды кеш барысында қазақ және орыс тілдерінде А. С. Пушкиннің өлеңдері мен жергілікті авторлардың поэтикалық шығармалары оқылып, қостанайлық сазгерлердің әндері орындалды.

Шараға қатысқан қаланың зиялы қауым өкілдері А. С. Пушкиннің ұлылығының өшпейтіндігі туралы, оны өздерінің тұлға ретінде және шығармашылығын қалай қабылдайтындары туралы айтып берді.

Кеш А. С. Пушкиннің ескерткішіне гүл қоюмен аяқталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus