Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қала мен кітапхана өмірі:облыстың шағын қалаларындағы кітапханалар жұмысы» семинары
04.06.2018

2018 жылдың 12 маусымында Лисаков ОКЖ «Қала мен кітапхана өмірі: облыстың шағын қалаларындағы кітапханалар жұмысы» облыстық семинары өтеді.

Қазақстан кеңестік жоспарлы экономиканың нәтижесінде дүниеге келген көптеген шағын қалаларды мұраға қабылдады. Сыртқы пішіні қала болғанымен олар тұрғындардың әлеуметтік-мәдени және білім беру саласындағы қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге қауқарсыз болып табылады.

Шағын қалалар кітапханаларының міндеті – кездесетін жерді басқаға ауыстыруға болмайтын орын болу, себебі тек осы жерде ғана халықтың ақпараттық, білім берушілік, ағартушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек көрсетіліп, олардың бос уақытын тиімді өткізудің жолдары көрсетіледі.

Қостанай облысының шағын қалаларының жұмыс тәжірибелері туралы Жітіқара, Лисаков, Рудный кітапхана жүйелері және Арқалық қ. № 2 ОӘҒК әңгімелейтін болады.

Семинар барысында қатысушылар «Шығыс ертегілерінің әлемі» кітапханалық перфомансын, «Өмірдің жарқын жақтары» мінбер-кездесуін тамашалап, психологиялық тренингке қатысатын болады.

Семинар Лисаков қ., кітапхананың оқу залында өтеді. Семинардың басталуы сағат 11.00.

Семинардың жұмысына қатысу үшін кітапханалардың қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері шақырылады. Жұмыстың қорытындысы бойынша семинар материалдарының жинағы шығарылатын және барлық ОКЖ таратылатын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus