Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Американы тану: Қазақстаннан көзқарас

66.4(0)

Т 85

Тұқымов, Е. 
    Американы тану: Қазақстаннан көзқарас [Мәтін] : Ұлы державаның даму тарихы: PRO & Contra : монография / Е. Тұқымов. – Нұр-Сұлтан : ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2020. – 380 б. 

 

Құрама Штаттардың даму тарихына арналған бүкіл әлем ғалымдарының көптеген тамаша еңбектері бар. Сонымен қатар, Қазақстанда американистика мектебі әлі де бастапқы қалыптасу кезеңінде тұр. Автор – халықаралық қатынастар жөніндегі маман, дипломат, АҚШ-та мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған және осы елде екі жыл тұрып келген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, АҚШ-тың жүздеген жылдар ішінде XXI ғасырға қарай Британ империясы колониясынан әлемнің ең қуатты мемлекетіне қалай айналғаны турасындағы өзінің қазақстандық көзқарасын ұсынады. Бұл еңбекте супердержаваның дамуына ықпал еткен факторлар талданады, атап айтқанда, автор мәдени детерминизм және Құрама Штаттардың институционалдық даму тәсілдеріне көп көңіл бөледі. Сондай-ақ, бүгінгі таңда америкалық қоғам кезігетін проблемаларға да баса назар аударылады, атап айтқанда, заңсыз көші-қон, әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық және қылмыстылық.

Жеке блок АҚШ-тың сыртқы саясатына, сыртқы саяси шешімдерді қабылдау механизмдеріне, сондай-ақ Вашингтон мен Астананың екі жақты қатынастарына арналады. Сондай-ақ, автор америкалық профессор Джозеф Наймен Америка ғасырының аяқталуына қатысты сырттай әңгіме жүргізеді.

Бұл еңбек АҚШ туралы көбірек білгісі келетін оқырмандарға арналады, ең алдымен, өзін халықаралық қатынастар ғылымы мен практикасына арнағысы келетін студенттер мен оқушыларға бағдарланған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus