Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер

«Өнердегі жаңа есімдер»жобасының паспорты

Өнертуралы әдебиеттер бөлімі

 

Жобаның атауы

«Өнердегі жаңа есімдер»

Жобаның мақсаты


Әртүрлі өнер салаларындағы жас таланттарды – суретшілерді, шеберлерді, шығармашыл тұлғаларды табу және олардың дамуына мүмкіндіктер ұсыну. Қазіргі кездегі өнерді насихаттау және аудиторияны кеңейту

Жобаның міндеті


- Өнердің дамуына ықпал ету;

- Шығармашыл белсенді және талантты суретшілерді анықтау;

- Көркемдік ортада шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру;

- Шығармашылық алмасу және бірлесе жұмыс істеу үшін платформа құру

Жоба жұмысының негізгі нысандары


Жоба көпшілікті өнердегі жаңа ағымдармен, бағыттармен және туындылармен таныстырып, оны қолжетімді және түсінікті етуі тиіс. Өнер әлеміне жаңа көрермендер мен қатысушыларды тарту, шығармашылық пен мәдени іс-шараларға қызығушылық тудыру.Суретшілерге өз жұмыстарын көрсетуге, тәжірибе алмасуға, пікірлес адамдарды табуға және кәсіпқойлармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру


Кездесулерді өткізу жиілігі


Тоқсанда 1 рет


Жобаның мүшелері


Жас кәсіби суретшілер, композиторлар


Жоба жетекшісінің аты-жөні


Төлекова Ләззат Жақсылыққызы, өнер туралы әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі

Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus