Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай қаласының жас таланттарын қолдау мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар
13.08.2025

Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өнердегі жаңа есімдер» жобасын іске асыру аясында Қостанай қаласының жас таланттарын қолдау мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралар өнер идеялары мен техникасының әртүрлілігін көрсетудің бірегей мүмкіндігін ұсынды, сондай-ақ түрлі жастағы және кәсіби топтардың өнер саласындағы бірлесуіне ықпал етті. Төменде аймақ мәдени өміріндегі жарқын оқиға болған негізгі көрмелер ұсынылған:

- Қостанайлық жас суретші Нина Олексюк жұмыстарының «Зелёное солнце»      атты көрмесі;

- А. Никифоров атындағы Қостанай мамандандырылған сурет мектебі оқушыларының көрмесі;

- Юлия Богер сурет студиясы оқушылары жұмыстарының көрмесі

- Қостанай құрылыс колледжі оқытушылары жұмыстарының  «Әдемі қиялдар әлемі» атты көрмесі;

- Қостанай қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары жұмыстарының көрмесі. Жетекшісі өнер мұғалімі, қолданбалы өнер шебері, суретші Динара Қыпшақбаева.
Кері қарай
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus