Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Менің Елім – Мәңгілік Ел» онкүндігінің ашылуы
13.03.2015
Кез келген халық рухани құндылықтардың сарқылмас көзі болып табылады. 12 наурыз күні 1-қабаттың фойесінде «Менің Елім – Мәңгілік Ел» онкүндігінің ашылуы болды.
Кездесуді ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі, «Достық үйі» директорының орынбасары А.К.Кожахметов ашты.
Түрлі елдер мен халықтар әдебиетінің таңдаулы 100 астам кітаптары қойылған «Кітап – достықтың кепілі» кітап көрмесі жиналғандардың көңілінен шықты.
• Халықтардың баға жетпес маржандарын (Құран, Інжіл, эпостар, жырлар, рубакилар және т.б.),
• Шыңғыс Айтматов, Расул Ғамзатов, Нодар Думбадзе, Айбек, Вардгес Петросян, Алтай Мамедов секілді барша халықтың қалаулысына айналған және басқа да көптеген авторлардың кітаптарын,
• «Әдебиет» номинациясы бойынша Нобель сыйлығы лауреаттарының кітаптарын тұсаукесерге келгендер қызыға тамашалады.
Жазушылар мен әдебиеттің және кітаптың әр адамның өміріндегі рөлі туралы айтып берген ҚР ЖО мүшесі, қазақстандық белгілі автор Ақылбек Шаяхмет жиналғандардың барлығын кітапты көбірек оқуға шақырды.
Осы жерде «Достықтың жібек жолы» этнокөрмесі ұйымдастырылып, оған ҚХА облыстық ұлттық орталықтарының қолданбалы өнер шығармашылығы шеберлерінің қолдарынан шыққан түрлі ұлттық бұйымдар қойылды. Жиналғандарды құттықтауға орталықтардың өкілдері де келді. «Шарк» тәжік-өзбек қоғамының төрағасы Эргошвой Эрматович Холметов туған тілінде ән салса, «Дуслык» татар-башқұрт орталығының мүшесі Алина Бектемирова атақты татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың «Туган тил» өлеңін оқыды, ал облыстық филармонияның әншісі Жамила Жақып жиналғандарды өзінің әншілік өнерімен тәнті етті.
Онкүндіктің ашылуы жайындағы ақпаратты сілтеме бойынша қарауға болады https://www.youtube.com/use...
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus