Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітап көрмесіне шолу
03.11.2014
Өткеніңді екшеп алмай, болашаққа бағдар жасаудың мүмкін еместігі көпке белгілі. Баршаға ортақ бұл тұжырымды кітапхана қызметкерлері де өз жұмыстарында назардан тыс қалдырған емес. «Қазіргі кезең мен өткен ғасыр» көрмесіне кітапханалардың 1957 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта шығарған баспа материалдары қойылған. Сіздердің назарларыңызға өткен жылдар мен қазіргі кездегі кітапхананың жұмысы жайындағы жылдық есеп берулер, кітапханалық бір жылдық оқытушылық курстарының материалдары, жарияланбаған материалдар, жаднамалар мен құралдар ұсынылған.
Қостанай облысының кітапхана қызметкерлері жайындағы материалдар жинағы облыстағы кітапхана ісінің қалыптасуы, дамуы және қазіргі кезеңдегі тарихының бір бөлшегі болып табылады. Себебі тарихтың тек тарихи күндерден, кезеңдерге бөлуден, құжаттардан тұрмайтыны белгілі. Тарихтың бұлардан басқа белгілі бір кезеңде өмір сүрген нақты адамдармен байланысты екендігін естен шығармау керек.
«Жұмысымыз жайындағы жазбалар» атты бірінші шығарылым 2004 жылы жарыққа шығарылды. Оған облыстық «Мамандығым – мақтанышым» байқауының ең үздік жұмыстары енгізілді.
Екінші шығарылым Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры В.А.Кимнің 40 жылғы еңбегіне арналды.
Үшінші жинаққа Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың қызметкерлері жайындағы материалдар – әріптестер туралы естеліктер, дос-жарандар, тәлімгерлер, ұстаздар жайындағы әңгімелер енгізілді.
Төртінші шығарылымға әріптестер жайындағы әңгімелердан басқа әзіл түріндегі құттықтаулар мен қызметкерлердің мерейтойлық күндеріне арнап дайындалған сценарийлер енгізілді.
2011 жылы «Үлгі тұтар тұлғалар» жинағы (Қостанай облысының еңбек сіңірген кітапханашылары туралы) жарыққа шықты.
Көрменің үлкен бөлімдерінің бірі – дәстүрлі және электронды нұсқада қойылған баспа өнімдері: «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі» өлкетану тақырыбындағы библиографиялық көрсеткіштер (1-ші «Күнтізбені» 1973 ж. мем.мұрағатпен бірлесе отырып бас библ. Селиверстова дайындаған), «Қостанай қ. кітапханалары жаздырып алатын мерзімді басылымдарының жинақты каталогы», белгілі қостанайлықтарға арналған дербес көрсеткіштер, тарихи оқиғаларға арналған тақырыптық көрсеткіштер.
Облыстық әдістемелік орталық болып табылатын Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапхананың күнделікті жұмысында жиі қолданылатын облыстық семинарлардың материалдар жинағын, әдістемелік ұсыныстарды, кітапшаларды жүйелі түрде шығарып отырады.
Заман талабына сай кітапхана жұмысына жаңа технологиялар енгізілуде және бұл баспа жұмысының да өзгерістерге ұшырауына септігін тигізіп отыр. Шығарылатын өнімнің дизайны өзгеруде, электронды тасығыштардағы материалдардың саны арта түсуде. Олардың мультимедиялық құрал, электронды кітап көрмелері, буктрейлер секілді түрлері де өсіп келеді.
Көрменің «Мерзімді басылым беттеріндегі кітапханалар» бөлімінде кітапхана қызметкерлерінің мерзімді басылымдардағы мақалалары мен облыс кітапханаларының жұмыстары жайында жарияланған мақалалардан тұратын 4 томдық қойылған. Жинақтар 1980 – 2013 жылдар арасындағы кезеңді қамтыған.
Ұсынылып отырылған көрме кітапхана қызметкерлерінің жаңа толқынын тәрбиелеуге және кітапхана ісіндегі үздік дәстүрлердің жалғасын табуына септігін тигізеді деп сенеміз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus