Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанайлық суретші Георгий Михайлович Соковтың «Экслибрис. Кітап белгісі» атты жеке көрмесінің ашылуы.
22.01.2014

          Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімінде 2014 жылдың 17 қаңтары күні қостанайлық танымал суретші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағының иегері Г.М.Соковтың жаңа көрмесінің ашылуы өтті.  

Графиканың шағын көлемді түрі болып табылатын экслибрис кітаптың қандай да бір қоғамдық немесе жеке кітапханаға тиесілі екендігін көрсетеді. Германия кітап баспасы ойлап шығарылғаннан кейін дүниеге келген  экслибристің отаны болып саналады. Алайда кітапқа кітап иесінің затбелгісін, таңбасын, монограммасын, эмблемасын қою дәстүрі кітап баспасы ойлап шығарылғанға дейін пайда болған болатын. 

            Қазіргі таңда экслибристі афористік графиканың өзегі, қоғам мен жекелеген тағдырлардың өзіндік бір шағын айнасы деуге болады. Бұл бейнелеу өнерінің осы жанрымен бірнеше ондаған жыл бойы айналысып келе жатқан қостанайлық суретші Г.М.Соковтың шығармашылығынан анық байқалады. Суретші әлемнің көптеген елдеріне таралып кеткен линогравюра техникасы, күйтабақтағы гарвюра бойынша орындалған 300 астам экслибристі дүниеге әкелді. Ол Польша, Чехославакия, Болгария, Бельгия, Франциядағы экслибристі сүюшілерге жақсы танымал. Ол 20 астам экслибристің халықаралық көрмесіне қатысты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus