Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлы даланың жаңа дәуірі
21.11.2013

Абонементтер бөлімінде еліміздің басты мемлекеттік мерекесі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған «Ұлы даланың жаңа дәуірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Республикамыздың Тәуелсіздік кезеңі тұрақтылықтың, еркіндік сүйгіш қазақ халқының ғасырлар бойғы армандарын жүзеге асыруға ықпал еткен экономикалық және саяси реформалар кезеңі болып табылады. 

Көрмеге мемлекетті құру және қалыптастыру жолында атқарылған негізгі қадамдар туралы хабар беретін басылымдар, республиканың әлем деңгейіндегі рөлі туралы, сондай-ақ қазіргі Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық мәселелері жайында баяндайтын кітаптар қойылған. Олардың ішінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан М.Б.Қасымбековтың «Лидер и Независимость» және «Исторический выбор» кітаптарын, «История Независимого Казахстана», «Инициативы, направленные в мир» монографияларын, В.П.Патраковтың «Астана – начало Евразии» кітабын, «Независимый Казахстан глазами зарубежных экспертов» кітап-альбомын ерекше атап өтуге болады. Көрмеге сондай-ақ «Казахстанская правда», «Мысль», «Саясат», «Фемида», «Банки Казахстана», «Аналитическое обозрение» секілді мерзімді басылымдардан алынған мақалалар қойылған.                                                                           

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus