Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сөз өнерінің сайыпқыраны
10.12.2014

Л.Толстой атындағы ОӘҒК қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сатирик–жазушы Сейіт Кенжеахметұлының 75 жасқа толуына орай «Сөз өнерінің сайыпқыраны» атты еске алу кеші өтті. Кешке ақын – жазушылар Ғұмар Ахметчин, Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, Ақылбек Шаяхмет, Серік Шайман, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ–нің доценті Мейрамбек Тастанов, Қостанай мемлекеттік  педагогикалық  институтының қазақ және орыс филология факультеті деканы Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы, Сейіт Кенжеахметұлының ұрпақтары Света, Жасұлан, Абзал, Олжас, БАҚ тілшілері, ЖОО, колледж студенттері қатысты. Арнайы шақырылған қонақтар өз ойларын айтып, лебіздерін білдірді. Жергілікті сазгер, әнші Қалибек Деріпсалдин ән орындап, Қостанай облыстық  филармониясы жанындағы «Тамаша» ойын–сауық отауы әртістерінің дайындаған Сейіт Кенжеахметұлының бірнеше интермедиялары тамашаланды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнефильм және презентация жасалды. Көрмеге 30 кітап, 10 журнал, 20 газеттер, бірнеше грамоталары  қойылды. Кеш тартымды  өтті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus