Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш
11.12.2014

11.12 кітапханамызда Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік –елдігімнің тірегі» атты мерекелік кеш болып өтті. Залға жиналғандар зиялы қауым мен мектеп оқушылары, Қостанай гуманитарлық колледжі студенттері, ҚР ІІМ  Қостанай академиясының курсанттары, БАҚ өкілдері. Кеш барысында Әнұран шырқалып, жас өнерпаздардың өнерлері тамашаланды. Шақырылған құрметті қонақтарымыз ҰҚ комитетінің ардагері Ғ. Маулетов, Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Б.Көпеш жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, тәу етер тәуелсіздігімізді құрметтеп, Қазақстанның жеткен жетікстіктерін биіктен түсірмеуге, білім мен мәдениетпен қаруланған азаматтар болуларына шын ниеттерін жеткізді. Мерекелік кеште ақын, ұстаз Ғ. Бредалинова өзінің қаламынан туған «Нұрлы жолға арнау» жыр-шумақтарын тарту етті.

Кеш барысында Қазақстан туралы, «Город мой», «ЭКСПО-2017» жайлы видеоролик көрсетіліп, еліміз жайлы патриоттық әндер шырқалды. Бүгінде Қазақстанға әлем назары ауып отыр. Оған куә жақында болып өткен «Әлем чемпионаты-2014» дүбірлі додадасында Қазақстан қоржынына тағы алтынға толып мерейіміз үстем болды. Спортшыларымыз  Қазақтың Әнұранын тағы да бір әуелетті. Осы сияқты Еліміздің өнерлі қырандары, жастары жайлы хабардар етер слайд-шоу мерекелік іс–шараның бастан-аяқ сәнін келтірді. Кеш соңында кітапханамыздың кітап қорынан ұйымдастырылған «Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады» атты кітап көрмесі тамашаланды. Келген қонақтарын алғыстарын айтып, ерекше көңілмен қуаныштарын жетікзіп, естелікке суретке түсті. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт күніміз шуақты болсын!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus