Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әлем әдебиетінің эвересті – Лев Толстой
14.11.2014

14.11.2014 ж. Л.Толстой ат. ОӘҒК қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімі «Әлем әдебиетінің эвересті – Лев Толстой» тақырыбында әдеби кеш өткізді.
Үстіміздегі жылы Қостанай облысының кітапхана өмірінде екі бірдей елеулі оқиға орын алып отыр. Ол Қостанай облысындағы кітапхана ісінің 120 жылдығы және кітапханаға Л.Н.Толстой атының берілгеніне 65 жыл толуы.
Л.Толстойдың 120 жылдығы өткен 1949 ж. Қостанай облыстық кітапханасына жазушының есімі берілсе, 170 жыл толуына орай «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты тұрақты жұмыс істейтін көрме ашылды. Кітапхананың сирек кітаптар қорында Л.Толстойдың 1913 ж. И.П.Бирюковтың редакциясымен және ескертулерімен шыққан 20 томдық шығармалар жинағы сақтаулы тұр.
Лев Толстой – әлем әдебиетіндегі ең биік шың. «Жер бетіндегі ең биік шың Эверест болса, сол секілді әлем әдебетінің Эвересті – Лев Толстой» - деп Әкім Тарази айтқандай, шын мәнінде Лев Толстой шоқтығы биік жазушылардың бірегейі.
Мәдени шарада ҚМПИ филология факультетінің аға оқытушысы Ерманова Сәния Бөленбайқызы, №13 бөбекжай бақшасының мұғалімі Утегенова Гүлнәр Мурзаканқызы, ҚМУ магистранты Шпагина Наталья Сергейқызы, №9 мектептің мұғалімі Скендирова Гүлбейне Айтбайқызы баяндама оқыды. Шақырылған аудитория: ҚМПИ, ҚМУ, БАҚ өкілдері.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus