Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әдеби десант» Рудныйда
05.06.2014

05.06 «Әдеби десант» жобасы Рудный қаласының студенттер және оқытушылар қауымымен жүздесіп, диалог құрып қайтты. Рудный индустриалдық инстутының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Алпысбаев Жасұлан Тұрғанбекұлы кездесудің модераторы бола  отырып,  жастар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, қазақ тілін дамыту бағытында жүргізіп отырған жұмыстармен таныстырды. Бұл ортаға жас ақындар Нұрқанат Жүнісұлы Құлабаев пен Абылай Фазылханұлы Маудановты алып бардық. Қаламгерлер өз өлеңдерін оқып, Қостанайдағы әдеби орта, жас ақындар клубы жайлы ойларын ортаға салды. Институттың қабырғасында қалам тербеп жүрген жастар сұрақтар қойып, қазіргі әдебиетке назар аудару мақсатында түрлі мәдени-тағылымды шараларды, бас қосуды жандандыру керектігін қолдап отыр.  «Әдеби десант» жобасы міне 4 жыл өзінің жұмысын жүргізіп келеді. Осы уақытта  облысымыздың аудандарының басым бөлігін аралап, өңірдің қаламгерлерін көпшілікпен жақын таныстырып, шығармашылықтарымен бөлісіп үлгердік. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus