Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қарасу ауданына келген десант
22.05.2014

22 мамырда қостанайлық авторлар қарасулық ақындармен кездесті. Жергілікті халық қонақтардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. А.В.Тарасенко жиналғандарды өзінің Баспа үйінің 20 жылдығына арнап шығарған «Хрестоматия книгохранилища» (қостанайлықтардың орыс тіліндегі әдебиеті)  кітабымен таныстырды. Кездесуді жүргізген С.С.Юсупова «оның кітабының облыстың әдебиет әлеміндегі елеулі оқиға және өлкетану саласына қосылған құнды құжат» екендігін атап өтті. 

Профессор Ю.Я.Бондаренконың кітаптары мен мақалалары дүниеге философиялық тұрғыдан қарауға, рухани әлеміңнің кеңейе түсуіне мүмкіндік береді. Ол өлеңдер мен эпиграммалар да жазады. Оның шеберлік сыныбы ақындардың ғана емес, кездесуге келген әдебиет пәнінің мғалімдерінің де зор қызығушылығын туғызды.

Танымал педагог, ақын әрі прозаик А.И.Суслова Қарасу ауданына жақсы таныс. Электронды көрсетілімнің көмегімен жүргізілген шеберлік сыныбы ақындардың таңданысын тудырып, көпшілігі ақынның ойлары мен толғаныстарын жазып алып жатты. Александра Ильинична өзінің шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерін оқыды.

Кездесу достық ахуалда өтіп, жемісті өткен кездесу болды. Жергілікті ақындар қонақтарға өздерінің шығармашылықтарын көрсетіп қалуға мүмкіндік алды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus