Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Дамир Сәкенұлы Әбішевтің 70 жылдық мерейтойына байланысты «Сөз өнерінің сайыпқыраны» атты кесдесу кеші өтті.
14.05.2014
Л.Толстой ат. ОӘҒК қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімі республикамызға белгілі журналист, сатирик – жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері Дамир Сәкенұлы Әбішевтің 70 жылдығына орай «Сөз өнерінің сайыпқыраны» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Сатира жанрының шебері, 2004 ж. облыс журналистері ішінде алғаш рет мәртебелі облыс меценаттары клубы «Қазына» сыйлығының, 2013 ж. «Әдебиет» номинациясы сыйлығының иегерімен кездесуге қаламдас әріптестері Жұмағали Арғынбаев, Күләш Байдалина, Әлібек Ибраев, Нұрболат Мешітбаев, қаламыздағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты. Композитор Қалибек Дерипсалдин ән орындады.
Дамир Әбішев журналистік, сатиралық қырынан өзге ақындық өнерге де да қалам тербеген. Университеттегі ұстазы ҰОС Батыры, академик М.Ғабдуллиннің аруағына бағышталып жазылған «Ана туралы баллада» туындысын ҚМПИ студенттері Бұхарбаева Гүлдана мен Қосыман Айбек орындады.
Қонақтар мен оқырмандардың назарына көрме ұсынылды. Көрмеге автордың шығармалары, өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер, арнау өлеңдер мен цитаталар қойылды, барлығы 21 басылымдар қойылды. Аудитория 60 адам.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus