Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Өмірін ұлт мүддесіне арнаған азамат» | 03.06.2026 | 03 маусым күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өмірін ұлт мүддесіне арнаған азамат» атты кездесу өтті. Іс-шара халық ағарту ісінің үздігі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, этнограф, қоғам қайраткері Қалқаман Хасенұлы Жақыптың 80 жылдық мерейтойына арналды. Кездесу аясында «Парасат пен пайым биігіндегі тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда ғалымның ғылыми еңбектері, этнографиялық зерттеулері, мерзімді басылымдардағы жарияланымдары және ол туралы әдебиеттер ұсынылды. Көрме қатысушыларға Қалқаман Хасенұлының сан қырлы ғылыми және қоғамдық жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі РММ сарбаздары «Намыс каскасы» атты сахналық көрініс қойды. Сонымен қатар «Жұлдыз» домбыра студиясының жас күйшілері «Балбырауын» күйін орындап, «Мирас» мәдениет сарайының әншісі Нұржан Жақсан «Қазақ үшін» әнін шырқап, көрермен ықыласына бөленді. Кешке «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ мүшелері, Қостанай облыстық «Қазпошта» АҚ филиалының қызметкерлері, оқытушылар, студент жастар, кітапхана оқырмандары және зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шараның салтанатты бөлімінде кітапхана басшысы Безаубек Сәния Серікқызы құттықтау сөз сөйледі. Демеушілер атынан «Royal Flowers Kostanay» гүлдер салоны гүл шоқтарын табыстаса, жеке кәсіпкер, «Toibastar» дүкенінің иесі Жалғасова Ақтоты Тұрғанбайқызы шапан жабу рәсімін жасады. Кездесу соңында қатысушылар Қалқаман Хасенұлы Жақыптың елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, мұндай тағылымды іс-шаралардың жастарды ұлттық құндылықтарға баулудағы маңызын жеткізді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|