Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Халқын оятқан қаламгер | 26.11.2025 | 26 қараша күні «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК-нда Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Рухқа толы жалын жырлары» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Іс-шара аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Халқын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мазмұны бай бөлімдерден тұратын көрмеде жазушының өмірбаяны, оның шығармашылық мұрасы, сондай-ақ Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен тұлғалық келбетін ашатын материалдар жан-жақты ұсынылған. Көрмені тамашалаған қатысушылар назарына ұсынылған кітапхана қорындағы басылымдар мен зерттеу еңбектері қаламгер тұлғасын тереңірек тануға мол мүмкіндік берді. Міржақып Дулатұлының есімі мен еңбегін ұлықтауға бағытталған бұл игі іс-шара жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|