Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Қазақтың кемеңгер ұлы» | 19.11.2025 | 19 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті ақын, жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қазақтың кемеңгер ұлы» атты ашық пікірталас алаңы өтті. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік мемлекеттік университетінің «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубы мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Пікірталас барысында клубтың қатысушылары Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы, Алаш қозғалысындағы тарихи рөлі, сондай-ақ оның ағартушылық идеяларының маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Жастар тарихи тұлғаның ұлттық сананы қалыптастыруға қосқан үлесін талқылады және оның еңбектерінің қазіргі қоғам үшін өзектілігін атап өтті. Дебаттың қорытындысы бойынша ең үздік командаға іс-шараның демеушісі – @POZITIV Оперативная полиграфия тарапынан кубок табысталды, сондай-ақ барлық командаларға кітапхана атынан алғыс хаттар берілді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|