Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Философ және ойшыл»
19.11.2025
19 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Яндекс телекөпір платформасында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебімен онлайн кездесу өткізді. Іс-шара ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналды.
Кездесуге әдеби-ақпараттық секторының меңгерушісі, жазушы, «Prata Martis» әдеби бірлестігінің жетекшісі Олексюк Алексей Васильевич қатысты. Алексей Васильевич Абай мұрасы ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық даналықты бойына сіңіргенін және сарқылмас рухани байлық болып табылатынын атап өтті. Ол ақынның бірқатар шығармаларына егжей-тегжейлі тоқталып, олардың терең мағынасын ашты. Балалар іс-шараға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу соңында оқушылар әдеби кешті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus