Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Экскурсия | 14.11.2025 | 14 желтоқсанда А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ екінші курс студенттері үшін кітапхана қызметкерлері шолу экскурсиясын өткізді. Студенттер кітапхананың қала мен облыстың маңызды мәдени, білім беру және демалыс орталығы екендігін білді, қызмет көрсету бөлімдерімен және олардың жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында абонементтер бөлімінің салалық қоры, сондай-ақ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімнің ерекшелігі қонақтардың назарын аударды. Студенттер туған өлкеміздің тарихын зейін қоя тыңдап, сирек кітаптар мұражайының кітап экспонаттарымен танысты. Оқушылар негізгі қорды сақтау бөліміндегі көне құнды басылымдар туралы ақпаратқа қызығушылық танытты. Экскурсия соңында студенттер ұсынылған ақпараттық ресурстарды пайдалану үшін облыстық кітапханаға тағы да келуге ниет білдірді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|