Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шоқанның ғылыми өнегесі»
15.10.2025
15 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК көрнекті ғалым, этнограф, тарихшы, саяхатшы және қазақ халқының ардақты перзенті Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқанның ғылыми өнегесі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге облыстық өлкетану мұражайының қызметкері Н. К. Оташева, педагог, білім беру ісінің үздігі Б. Б. Сүйінкина, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері қатысты. Жиналғандар Ш. Уәлихановтың шығармаларын зерделеудің өзекті мәселелерін және оның қазақ мәдениеті мен ғылымының дамуына қосқан үлесін талқылады. Студенттер Шоқан Уәлихановтың ғылыми экспедициялары туралы баяндама ұсынып, Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» кітабына шолу жасады. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар көрнекті ғалымның жеке басы мен қызметіне арналған викторина өткізді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus