Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Мисс Белая трость» | 15.10.2025 | 15 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қабырғасында зағип және нашар көретін әйелдерге арналған «Мисс Белая трость – 2025» атты қызықты байқау өтті. Іс-шараны «Мир нашими глазами» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды. Қатысушылар үш кезеңнен өтті: «Креативті таныстыру» – өмірі, армандары мен жетістіктері туралы айтып беру; «Аспаздық турнир» – дәмді рецепттер және сүйікті тағамдарын таныстыру; «Шығармашылық сайыс» – өлеңдер, әндер, қолөнер, сахналық шеберлік және тағы басқалар. Көрермендердің қолдауы, дүрілдете қол соғу, аудиторияда болып жатқан оқиғаларға шынайы қызығушылық таныту – осының бәрі бірліктің, сенім мен қуаныштың ерекше атмосферасын тудырды. Қатысушылардың әрқайсысы сахнаға тек жеңіске деген ұмтылыспен ғана емес, мақтанышпен де шықты. Әйелдер өздерінің даралығын, талантын, мейірімділігі мен харизмасын көрсетті. Байқау тек естелік сыйлықтар ғана сыйлап қоймай, сонымен қатар жаңа таныстар табуға мүмкіндік берді, қатысушылар қолдау мен өзіне деген сенімге ие болды, сондай-ақ іс-шара мотивация мен өмірдегі оң өзгерістердің қайнар көзі болды. «Мисс Белая трость» ешқандай шектеулердің жарқын, бақытты және толыққанды өмір сүруге кедергі бола алмайтынын дәлелдеді! | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|