Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Өмір жолы отбасында басталады» | 02.09.2025 | Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Өмір жолы отбасында басталады» атты кітап көрмесін дайындады. Отбасы – адам өмірінің негізі, рухани жылулықтың, сүйіспеншілік пен қолдаудың қайнар көзі. Дәл осы отбасында алғашқы өмірлік құндылықтар, моральдық бағдарлар мен ұлттық дәстүрлер қалыптасады. Көрмеде қазіргі қоғамдағы неке және отбасылық құндылықтар мәселелері бойынша түсінік беретін «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі, С. Ынтымақовтың «Отбасы құқы» секілді құқықтық басылымдар ұсынылған. Көрмені отбасы тақырыбына – оның қуанышына, қиындықтарына және рухани күшіне арналған көркем шығармалар толықтырады: «Абай жолы» М. Әуезов, «Ұшқан ұя» Б. Момышұлы, «Шуақты күндер» З. Ахметова, «Детство» Л. Толстой. Сондай-ақ оқырмандар балаларды тәрбиелеуге қатысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен және қазақтың отбасылық дәстүрлері жайындағы басылымдармен таныса алады: Б. Канапьянов «Родословная. Уроки предков», А. Мухамедиулы «Казахские семейные обычаи и традиции», О. Хухлаев «Психология семейных отношений», С. Керімбай «Өркениетті адам», «Әлдиден эпосқа дейін», Ш. Мұқан «Тәрбие». Ағымдағы жылдың 02 және 29 қыркүйегі аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|