Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Білім эволюциясы: дәстүрлер мен инновациялар»
26.08.2025
Абонементтер бөлімінде білім күніне орай «Білім эволюциясы: дәстүрлер мен инновациялар» атты көрме-импульс дайындалды.
Көрме келушілерді білім беру жүйесінің өткені мен бүгінін көруге шақырады. Көрме уақыт өте келе оқыту тәсілдері мен тәрбие ісі бойынша тәжірибелердің қалай өзгергенін нақты көрсетеді: «Антология педагогической мысли Казахстана», «Әлдиден эпосқа дейін», Марру А. «История воспитания в античности», Ахметжанқызы Л. «Дәстүр даналығы». Сондай-ақ кез келген адам білім беру әдістемесіне заманауи технологиялардың қалай енгізілгені туралы ақпарат таба алады: Артемьев А. «Краткая история педагогики (от истоков до наших дней)», Сейітқазы П. «Медиапедагогика: бақ білім және тәрбие», Гуслова М. «Инновационные педагогические технологии». Көрмеде ұсынылған әдебиеттердің көмегімен классикалық дәстүрлерден бастап заман рухын бейнелейтін заманауи инновацияларға дейінгі білім беру жолын байқауға болады.
Ағымдағы жылдың 26 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында жұмыс істейтін көрмемен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus