Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жазғы оқулар» жалғасады
25.07.2025
Кітапхананың өлкетану әдебиеттері бөлімі әлеуметтік-мәдени акцияны тоқтатпақ емес. Тиісінше, «жазғы оқулар» кітапхана қабырғасынан тыс жерлерде де насихаттала бермек.
Қала тұрғындары мен қонақтары орталық саябаққа келіп, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынұлы туралы, өзге де жергілікті авторлар жайлы танымдық материалдармен, өлкеміздің тарихына қатысты кітаптармен, жергілікті авторлардың, соның ішінде балаларға арналған көркем шығармаларымен таныса алады. Жазғы лагерьдегі мектеп оқушылары көрмеге жиі келіп, кітаптарды шынайы қызығушылықпен тамашалауды әдетке айналдырған. Ересек оқырман арнайы қойылған орындықтарда отырып, жаңа газеттерді қарауына мүмкіншілік бар. Ал шахмат әуесқойлары арасында шағын жарыстар да ұйымдастырылады.
Жаз – өз-өзіңді дамыту мен кітап оқуға таптырмас уақыт. Көрмеге қойылған өлкетану әдебиеттерін оқуға деген қызығушылық білімге деген ұмтылысыңызды шыңдай түсері анық.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus