Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Экскурсия | 04.07.2025 | 4 шілдеде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушылары үшін шолу экскурсиясы өтті. Қонақтар кітапхананың қала мен облыстың маңызды мәдени, білім беру және демалыс орталығы екенін білді, сондай-ақ қызмет көрсету бөлімдерімен және олардың жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Абонементтер бөлімінде, сирек кітаптар мұражайында және өнер туралы әдебиеттер бөлімінде ұсынылған бірегей қорлар, өлкетану бойынша толық мәтінді деректер базасы туралы ақпарат, сондай-ақ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімдегі Брайль қарпімен шығарылған басылымдар мен графикалық бейнелер ерекше қызығушылық тудырды. «Америка бұрышы» АРО-ның ресурстық мүмкіндіктерімен танысып, виртуалды анықтама қызметінің жұмысына қызығушылық танытты. Кездесу соңында тыңдаушылар кітапхана қызметкерлеріне қызықты әрі мазмұнды экскурсия үшін алғыстарын білдірді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|