Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Халқын оятқан қаламгер» | 01.07.2025 | 1 шілдеден бастап Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қонақжайында қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Халқын оятқан қаламгер» атты безендірілмелі кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Міржақып Дулатов сөз бостандығы мен қазақ халқының мәдени жаңғыруы үшін күрестің символына айналды. Оның шынайы отаншылдыққа толы, халқының қамын ойлаған терең мағыналы туындылары біздің заманымызда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Көрменің мақсаты – көпшілікті Міржақып Дулатовтың бай мұрасымен таныстыру, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын атап өту, сондай-ақ қазіргі ұрпақ үшін оның идеялары мен философиялық көзқарастарын өзектендіру. Көрмеде көрнекті жерлесіміздің ғылыми еңбектері, сондай-ақ монографиялар, өмірбаяндық мақалалар мен көркем шығармалар ұсынылған. Көрме алты ай бойы жұмыс істейді. Баршаңызды атақты жерлесіміздің өмірімен және қызметімен танысуға шақырамыз. Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/WDPle-AtGFQ | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|