Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» | 01.07.2025 | Әмбебап оқу залы барлық тілек білдірушілерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» атты тақырыптық кітап көрмесін тамашалауға шақырады. Көрме оқырмандарды қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен конституциялық құқықтың дамуының маңызды кезеңдерімен таныстырады. Көрмеде тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы материалдар, құқықтық реформалар бойынша анықтамалықтар мен ғылыми басылымдар, конституциялық заңдар, ел Конституциясының құқықтық негіздері мен эволюциясын зерттейтін отандық ғалымдардың еңбектері ұсынылған. Құқықтық мемлекет қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі де, қазақстандық жолдың ерекшеліктері де қарастырылатын Сұлтан Сартаев пен Ләззат Назарқұлованың «Становление Конституции Республики Казахстан» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық. Кітап көрмесі ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|