Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Экскурсия | 19.06.2025 | 19 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушыларына шолу экскурсиясы өтті. Іс-шараға қатысушылар кітапханамен аймақтың маңызды мәдени, білім беру және демалыс орталығы ретінде танысты. Экскурсия аясында олар негізгі құрылымдық бөлімшелерде болып, олардың функциялары, жұмыс ерекшеліктері мен ресурстары туралы білді. Қостанай өлкесінің бай тарихы мен мәдени мұрасын бейнелейтін бірегей басылымдар ұсынылған өлкетану әдебиеттері бөлімі мен сирек кітаптар мұражайы тыңдаушылардың назарын аударды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің, ақпараттық-библиографиялық және негізгі кітап қорын сақтау бөлімінің жұмыстарымен танысты. Абонементтер бөлімі мен әмбебап оқу залында қонақтар кітапхананың көп салалы кітап қоры туралы ақпарат алды, мерейтойлық кітап көрмелерімен, жаңа мерзімді басылымдармен және «BestProfi» ақпараттық-құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты. «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығында кітапхана қызметкерлері экскурсанттарды 3D-принтердің көмегімен жасалған шығармашылық жобалармен таныстырды. Экскурсия соңында қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне жылы қабылдаулары, мазмұнды және қызықты экскурсия үшін алғыстарын білдіріп, іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|